Тоқаев Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Сурет: видео скрині
Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі