Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған Қосшы қаласының түлегін құттықтады

Сурет: видео скрині
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуде биыл елімізде 140 балл жинаған екінші талапкер – Ақмола облысының Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанованы құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістік IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында мүмкін болды.

"Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және қазақстандық жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!" - деді министр.

Министрмен кездесуге Айымды қолдауға оның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін білгенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін