Қонаевтағы қарттар үйінің қызметкерлері еңбекақысын толық ала алмай жүр

Сурет: Zakon.kz
Қонаевтағы қарттар үйінің қызметкерлеріне еңбекақысы кем түседі. "Тағдырдан тепкі көрген қарияларға қызмет етеміз" деген еден жуушылар да еңбегі еленбей келгеніне наразы.

"Шарапат" әлеуметтік орталығының қызметкерлері жалақы мәселесіне шағымданды. Айлығын ай соңына әзер жеткізіп жүрген жұмысшылар басшылық тарапынан әділетсіздік болып жатқанын жасырмады. Олардың сөзінше, ай сайын жалақы кем түседі, деп жазады Almaty.tv.

"Бір айда көбірек түседі, келесі айда орташа түседі. Ай сайын ауысып отырады", – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Гүлзат Шайбаева.

Жұмысшылар басшылыққа базынасын айтса, "орныңды босат" дейтін көрінеді. Ал көнбістің күнін кешіп, күнелтуге шама жоқ.

"Штат бойынша 136 қызметкер бар, қазір олардың саны - 121. Ал жалақысын толық алмаған жұмысшы бар. Жалақы берілетін мерзім – айдың соңы", – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Есенхан Сұлтанов.

Бағдарламадағы ақауға байланысты 10 шақты жұмысшыға айлық толық түспеген. Бірақ маған ешкім шағым айтпады, – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас есепшісі Асан Бекмұратов.

Мекеме басшылығы мәселені техникалық ақауға жапты. "Бағдарламаны жөндейтін маман келсе, айлық та толық төленеді" деп уәде берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды