Министрлік таксилердің қалааралық тасымалына шектеу қою мәселесіне қатысты пікір білдірді

Сурет: freepik
Көлік министрлігі таксомотор тасымалы саласындағы жетекші интернет-платформалармен бірлесіп көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, бүгінгі күні осы нарықта қызмет көрсетушілерден ұсыныстар қабылданып оларды зерделеу және егжей-тегжейлі талқылауға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар жүйеленіп, міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өтеді.

Әлемдік тәжірибеде де, біздің мемлекет аумағында да халықты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша базалық талаптар белгіленген, мысалы:

"Өкінішке қарай, жоғарыда аталған талаптарды интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін жүргізушілер жиі сақтамайды. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Қайғылы жағдаймен аяқталған апаттың көп бөлігі қозғалыс жылдамдығы жоғары қалааралық трассаларда орын алуда. Тиісінше, басты назар қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын таксилерге де бағытталған", делінген хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті