Сәкен Бибосынов: Парижге алтын үшін келіп едім, бірақ қола жүлде де бұйырмады

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.

Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.

Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - деді Бибосынов. 

Сондай-ақ, боксшы өзіне сенім артқан барша жанкүйерге алғысын айтты. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады