Астанада автобустармен тегін жүру шарттары өзгертіледі

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі 5 тамызда Астананың қоғамдық көлік жолаушыларына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жақын күндері оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру карталары енгізіледі.

"Валидацияны телефонның көмегімен QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша көлік карталарын алып жүрудің қажеті болмайды".CTS баспасөз қызметі

Сондай-ақ, виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады, оны рәсімдеу үшін пайдаланушыларға арнайы кассаға барудың қажеті жоқ.

"Виртуалды карталарды ресімдеу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат жақын арада CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады". CTS баспасөз қызметі

Бұған дейін 3 тамыздан бастап Алматыдағы автобустарда жол жүру құны 120 теңгеге көтерілгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр