Жамбылда "Тараз – таза қала" экологиялық акциясы өтті

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдер бір рет қолдануға арналғанына қарамастан, екі жүз жылға жуық уақытта ғана ыдырайды. Осыған байланысты "Тараз – таза қала" атты облыстық экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырап, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жерасты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл адамзат үшін өте қауіпті құбылыс. Бұдан бөлек, қала ішінде пластик қалдықтардың қаланың кәріз жүйесін толтырып, су басу қаупін тудыратыны белгілі.

Осындай мәселеге жол бермеу мақсатында қала тұрғындары, коммуналдық мекемелер, белсенді жастар "Тараз – таза қала" атты облыстық экологиялық акциясын өткізді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

"Президенттің бастамасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Акция біздің қоғамда жастарды, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға, тазалықты сақтауға шақыратын үлкен бір идеологиялық жұмыс десе де болады. Бүгін біз экологиялық акцияға Тараз қаласының жастары ретінде қаламыздың таза болуына атсалысып, іс-шараға шығып жатырмыз" — дейді облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры А. Кадралиев.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Қатысушылар Тараз қаласы Салтанат ықшам ауданында орналасқан "Жасыл желек" алқабында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды тазартты. Экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысып, шашылып жатқан пластик қалдықтар мен қоқыстарды жинап, 300 қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті