Түркістан облысында полицей пәтерде жалғыз қалған бүлдіршінді құтқарып қалды

Сурет: pixabay
Кентау қалалық полиция бөлімінің "102" нөміріне жергілікті тұрғын әйел көмек сұрап хабарласты.

Оның айтуынша, үйінде 3 жасар қызы есікті ішінен құлттап алған, кіре алмай қалған. Оқиға орнына өзіне бекітілген аумақта жүрген учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан дереу барды.

Анықталғандай, анасы қызын үйде қалдырып, дүкенге кеткен. Осы уақытта ойын баласы есікті іштен құлттап алған.

Содан анасы пәтерге кіре алмаған, ал бүлдіршін қыз есікті аша алмаған. Учаскелік полиция инспекторы шұғыл әрекетке көшіп, балкон арқылы кіруге шешім қабылдайды.

Полиция қызметкері пәтердің 5-қабатта орналасқанына қарамастан, көршісінің балконы арқылы ішке кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады.

Ал балақайдың анасы полиция қызметкеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты