Бангладештегі уақытша үкіметті Нобель сыйлығының иегері басқарады

Сурет: pixabay
Бангладештің уақытша үкіметін Нобель сыйлығының иегері, экономист Мұхаммед Юнус басқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өтпелі министрлер кабинетінің басшысы ретінде ант берді. 84 жастағы Юнусті премьер-министр етіп тағайындау шеруге шыққан студенттердің талабы еді.

Ал ел үкіметін 15 жыл басқарған Шейх Хасина апта басында Үндістанға кетуге мәжбүр болды.

Бангладеште жұмыс квоталарын алып тастауды талап еткен студенттер шеруі шілдеде басталды. Полиция демонстранттарға күш көрсетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Тәртіпсіздіктер кезінде 300-ге жуық адам қаза тапқан. Бұдан кейін шеру премьер Хасинаны биліктен кетіру науқанына ұласты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі