Алматыда үш мектептің маңына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды

Алматыда үш мектептің маңына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 13:17 Сурет: Instagram/almaty_transport
Алматыда №209, №174 және №159 мектептердің маңына көлік жылдамдығын бәсеңдету үшін жалпақ жасанды жол кедергілері орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 20 қарашада Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. Басқарма мәліметінше, қалада мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар маңында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, жалпақ кедергілер жүргізушілерге алыстан жақсы көрінеді. Олар көлік қозғалысы қарқынды учаскелердегі жүктемеге төтеп береді әрі жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға мәжбүр етеді.

Сондай-ақ Жұбанов көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер өткеліне жарық орнатылып жатыр.

Бұған дейін алматылықтарға Алма-Арасан көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілген еді. 2026 жылғы 23 қарашадан бастап көшенің экобекеттен "Нұрбота" дүкеніне дейінгі бөлігінде бір ай бойы қозғалыс шектеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: