Астана әуежайы рейстердің кешігіп жатқаны туралы ескертті

Астана халықаралық әуежайында 2024 жылғы 10 тамызда ұшақтардың кешігіп жетуіне байланысты қандай рейстер кешіктірілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшуға жоспарланған 75 рейстің 3-і ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде. Сондай-ақ, ұшып келуге жоспарланған 75 рейстің 8-і кешіктірілді.

Ұшу:

Ұшып келу:

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы болған жоқ. Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады", - деп хабарлады Астана әуежайы.

Азматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 тамыз сағат 14:10-дағы жағдай бойынша Астана әуежайынан ұшуға 9 рейс және ұшуға 6 рейс кешіктіріледі, рейстер тоқтатылған жоқ. Бүгін Астана-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсі қозғалтқыш бөлшектерінің зақымдалуына байланысты 9 сағатқа кешіктіріледі.

Алматыға "FlyArystan" әуекомпаниясының рейсі 10 тамыз сағат 16-20-да ұшады деп жоспарланған.

"Жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ беріледі, жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылды. Астана қаласында орын алған ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Эйр Астана" әуекомпаниясының 4 әуе кемесі бұршақтың түсуі салдарынан зақымданған, бұл өз кезегінде кейінгі рейстердің кідірісіне әкеп соқтырды. Рейстер азаматтық авиацияда басымдық болып табылатын жолаушылардың ұшу қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін кешіктірелетінін атап өту маңызды. Қазіргі уақытта Астана әуежайында Азаматтық авиация комитетінің, Авиациялық көлік прокуратурасының, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері рейстердің кешігу жағдайын бақылауға байланысты шұғыл шаралар қабылдауда". Азматтық авиация комитеті

Ведомство әуе компаниялардың қызметкерлері жолаушыларға ҚР заңнамасына сәйкес рейстер туралы барлық қажетті ақпарат пен қызметтерді дер кезінде ұсынып жатқанын хабарлады.

"Кешіктірілген рейстерден кейінгі рейстер де кешігуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады", - делінген хабарламада.
Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: