Ақтөбе облысындағы ауылдың бірінде дауыл 35 үйдің шатырын ұшырып әкетті

Сурет: mgorod
Ақтөбе облысында 9 тамыз күні кешке соққан дауылдың салдарынан Ойыл ауданы Көсембай ауылында бірнеше үй жарықсыз және шатырсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, желдің қатты болғаны сонша, ол электр бағаналары мен қоршауларды құлатып қана қоймай, үйлер мен қосалқы құрылыстардың шатырларын жұлып кеткен.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, елді мекенде екпіні күшті желдің салдарынан 51 ғимараттың шатырына, оның ішінде ауылдағы 74 үйдің 35-іне зақым келген.

Сондай-ақ Көсембайда тоғыз бағана құлап, оның жетеуі қалпына келтірілді, учаскеде "Энергожүйе" бригадасы жұмыс істеп жатыр. Әзірше ауыл тұрғындары жарықсыз отыр. Келтірілген шығын әлі есептелмеген.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған