Алматының жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының жастар саясаты басқармасының басшысы болып Азиз Кажденбек тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімінің өкімімен Азиз Кажденбек Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Азиз Кажденбек 1993 жылы дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет етті. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Сонымен қатар жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болды.

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматының жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты