Астана полицейлері жалдамалы пәтерден алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

Сурет: Zakon.kz
Жәбірленуші күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бір бөлмесін жалға алған, қалған бөлмелерінде басқа да жалға алушылар тұрған.

Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі зайыпты тұрғындар құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ полицейлері ұрлықты аталған пәтерде тұратын көршілердің бірі жасағанын анықтады.

19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі зайыптылардың жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады.

Полицейлер жігіттің ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Астана қаласы полиция департаменті азамттарға сақ болып, құнды заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды