Көкшетауда 71 жастағы тұрғыннан алаяқтар 10 млн теңгесін алдап алған

Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қаласының 71 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар зейнеткерге бір емес, бірнеше рет хабарласып, есепшотындағы ақшаны бәз біреулер шешіп алмақ болғанын айтып қорқытқан.

Кейін айлакерлер құқық қорғау органы өкілдерінің атын бүркеніп, жәбірленушінің ұялы телефонына қауіпсіздік қосымшасын жүктеп алуға көндірген.

Осылайша зейнеткер бірер секундта қомақты қаржыны белгісіз біреудің шотына аударып жіберген.

Алаяқтар ұрланған қаражатты кейін шетелде шешіп алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған