Мемлекет басшысы "Кәусар" оқушылар сарайын аралап көрді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған "Кәусар" оқушылар сарайының қызметімен танысты.

Мемлекет басшысына мұндағы 13 үйірме мен секцияға 1600 бала қатысатыны жайында мәлімет берілді. Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған.

Жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр болатын ғимарат сапалы қосымша білім алуға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды