Шымкентте жалған адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Сурет: pexels
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ "К" есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған.

Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.

"Жедел іс-шаралар жүргізу барысында "K" азамат 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды." Шымкент қаласының прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды