Фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасап, әкімшілік жазадан құтылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Сурет: pixabay
ШҚО Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың – ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады.

Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады." ШҚО прокуратурасы

2024 жылы 8 тамызда сот К.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына соттады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі