Алматының бір көшесіндегі жөндеу 26 тамызға дейін ұзарып кетті

Сурет: pixabay
Алматыдағы Павлодар көшесінің бойында көлік қозғалысы 26 тамызда түн ортасына қарай ашылады

Павлодар көшесіндегі жылу құбырын жөндеу мерзімі 26 тамызға дейін ұзартылды

"Жергілікті жылу желілерін жаңғыртуға байланысты өткен аптада түнде енгізілген Алматының Жетісу ауданының Павлодар көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін екі бағытта қозғалысты шектеу мерзімі 26 тамыз (дүйсенбідегі) сағ.00:00-ге дейін ұзартылды. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете беріледі". "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Көрсетілген нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымға жылу магистралін жаңғырту жобасын іске асырудың барлық технологиялық ерекшеліктерін сақтау үшін қосымша уақыт қажет.

Бұдан бұрын аталған аумақта көлік қозғалысы 19 тамыз күнгі 12:00-ге дейін жабылады деп хабарланған еді.

"Уақытша шектеулер осыдан 43 жыл бұрын (1981 жылы) пайдалануға берілге, ұзындығы 2 мың 135 метр болатын, аталған қала аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды