Дәрігерлер Астанаға шұғыл қонған ұшақтағы жолаушының жағдайын айтты

Сурет: Астана әуежайының баспасөз қызметі
Дәрігерлер 2024 жылғы 17 тамызда Астана әуежайына шұғыл қонған швейцариялық ұшақ жолаушысының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, 52 жастағы Жапония азаматы қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

"17 тамызда жедел жәрдем қызметі ер адамды әуежайдан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Оған ми қан айналымының жедел бұзылуы – инсульт деген диагноз қойылды", - деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның хабарлауынша, шетелдіктерді емдеу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Еске салайық, кеше, 17 тамызда Токиодан Цюрихке ұшып шыққан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдаған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз