Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті

Сурет: pixabay
Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті. 33 жастағы азамат шетелге шықпаса да науқастанып отыр.

Конго Демократиялық Республикасында бұл вирустан қайтыс болғандар саны 548-ге жетті.

Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ал Конгода 2023 жылдан осы инфекциядан мыңнан астам тұрғын көз жұмған.

Бұған қоса маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелді. Бүгінге дейін бұл індет "Қара құрлықтың" 12 мемлекетінде анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.

Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жабуға еш негіз жоқ.

"Халықаралық денсаулық сақтау ережелерін ескерсек, бүгінше шекараларды жабудың қажеті жоқ. Індеттер мұндай шешімге қарамайды. Себебі адамдар заңды немесе заңсыз түрде өзге елдерге бәрібір баруы мүмкін. Яғни шекарадағы шектеулер аурудың тарауын тоқтата алмайды дегім келеді." Бронвин Никол, Халықаралық қызыл крест ұйымының өкілі
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды