Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Польшадан күдікті экстрадицияланды

Сурет: pexels
ҚР Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері ҚР Польша Республикасындағы Елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен,нәтижесінде басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Польшада ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Айта кету керек, Польша Республикасымен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, күдіктіні экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Польша Әділет министрлігінің арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Польша тарабынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті