Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды

Сурет: pixabay
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі — Әскери бөлім) 4, жалпы 11 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды.

"Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді." Ұлытау облысының прокуратурасы

Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі