Маймыл шешегі індеті: Еліміздің ірі әуежайларында оқу-жаттығулар өткізілді

Сурет: gov.kz
ҚР ДСМ-нің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ-ға ден қоюға дайындық бойынша оқу-жаттығулар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің: санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

"Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады. Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан  ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті", делінген хабарламада.


Сурет: gov.kz

Құзырлы ведомство атап өткендей, жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті, бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді, онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.


Сурет: gov.kz

Айта кетсек, 2024 жылы 16 тамызда маймыл шешегінің эпидемиясына қатысты санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады