Ресейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Ресейдің 29 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тіпті 5 облыста төтенше жағдай режимі жарияланды. Мәселен, Якутияда 433 мың гектар жер өртеніп, оны сөндіруге 1500 адам, 150 техника жұмылдырылды.

Бір күнде іргелес елде 200-ге жуық орман өрті тіркелді. Алтай өңірі, Бурятия, Тыва, Самара облыстарында да жағдай мәз емес. Мамандар жаз басталғалы орман өртінің саны 40 пайызға артқанын айтады.

"Төтенше жағдайлар қызметі жаз айларында артқан орман өрті мен ту тасқынына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тиісті мамандарға тапсырма берілді. Бірқатар өңірде ыстық және құрғақ ауаның салдарынан қауіп артуда." Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі

Ал мамандар Ресейдің бірқатар өңірінде су тасқыны артуы мүмкін екенін ескертеді. Мәселен, Приморск өлкесінде тропикалық циклонның әсерінен жауын-шашын артып, су деңгейі 3,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Бірнеше ай бойы Ресейдің 40 өңірінде су тасқынымен күрес жалғасуда.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды