Түркістанда іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға 130 млн теңге "жалақы" төленген

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

"Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің жауапты тұлғалары "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы" аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорын басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды