Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 31 жыл толуына орай бюстіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Дінмұхамед Қонаевтың серіктестері мен ізбасарлары, туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен оның қонақтары қатысты.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Димаш Ахмедұлы мәңгі жүрегімізде. Оның еңбегі мен жетістіктері әркез ел есінде. Бұған биыл Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптардың шығуы дәлел", - деп атап өтті Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсім соңында қатысушылар үшін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйіне және мемориалдық пәтеріне экскурсия өтті. Экспонаттар қатарында 1992 жылы Дінмұхамед Ахмедовичке сыйға тартылған және демеушілердің қолдауының арқасында кезекті мерейтойына қалпына келтірілген Pontiac Grant Prix жеке автокөлігі ерекше көзге түсті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді