Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.