Португалияда 5 балдық жер сілкінісі болды

Фото: wikimedia
26 тамызда Португалияда жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіге сүйенсек, зілзаланы Порту, сондай-ақ Испания мен Мароккода тұрғындары сезген. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 баллды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Португалия үкіметінің хабарлауынша, болған жер сілкінісі елдің табиғи апаттарға дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.

"Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ, дайындықты тексеруге мүмкіндік береді". Паулу Рангел, Португалия СІМ басшысы

Дүмпулер таңғы 5-те тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде, 21 км тереңдікте болды.

Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.

1 тамызда бір тәулік ішінде әлемде 917 жер сілкінісі орын алғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған