Алматыда Жандосов көшесі мен Құлжа тас жолы межелі мерзімде жөнделді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қала көшелері мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазір 95 көше жөнделіп, тағы 100-ден астам көшеге жұмыстар жүргізілуде.

Биыл 250 шақырым болатын 274 көше орташа жөндеуден өтті. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Мысалы, өткен демалыс күндері үш магистральды көшенің бір бөлігі мерзімінде жөнделіп, көлік қозғалысы толық ашылды.

Бұл Рысқұлов көшесімен қиылысатын жолайырықтан Халиуллин көшесімен қиылысатын жолайырыққа дейінгі Құлжа тас жолының бөлігі. Тағы бір көше – Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі Тұрғыт Өзал көшесінің бөлігі. Сондай-ақ, Жандосов көшесінің Яссауи көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, 20 магистральды көшенің жөндеу жұмыстарында жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтбетон қолданылды. Жол таңбалары материалдарын өндіруші зауыттың талабына сәйкес, жөнделген учаскелерге жол таңбасы 15-20 күннен кейін сызылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек