СҚО полицейлері заңсыз аң аулаған азаматты ұстады

Сурет: Zakon.kz
СҚО-да полицейлер қылмыс орнында браконьерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне орманда оқ атулар туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік инспекторлар Гаврино ауылының маңындағы орман алқабынан иесіз қалған нөмірлері жоқ Урал мотоциклін және браконьер бөлшектеп үлгермей, ағашқа ілінген елікті тауып алды.

Мотоциклдің жүк салғышында 12 калибрлі 10 патрон болған. Қаскүнемнің өзі қызметтік автокөлікті көріп қашып кеткен.

"Қылмысты ашуға аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны анықталды. Күдіктіден тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды" – деді полиция бөлімі бастығының м.а. Жанат Рахметов.

Қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес күдікті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аң аулаудың 6 фактісі тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады