Елорда полицейлері теледидар ұрлаған пәтер жалдаушыны анықтады

Сурет: Zakon.kz
38 жастағы қала тұрғыны ұзақ уақытқа пәтерін жалға алған әйел адамның пәтерден телевизор ұрлағаны тұралы арызбен полицияға жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, біраз уақыт өткеннен кейін жалға алушы байланысын үзген. Пәтерін тексеруге келген ол, телевизорының ұрланғанын байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданының қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Samsung телевизорын ұрлаған 35 жастағы әйел адамды анықтады. Осылайша ол 200 мың теңге шығын келтірілген.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер қаскүнемнің телевизорды ламбордқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы ролиция департаменті елорда тұрғындарын пәтерлерін жалға тапсырғанда, жалға алушының толық деректері көрсетілген жазбаша жалға тапсыру келісім шартын толтыруларын сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді