Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімдігі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Ана тілім – ардағым" атты мерекелік іс-шара өткізеді.

Сағат 17:00-де Орталық демалыс саябағында басталатын мерекеге ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен оқушылар қатысады.

Жастар қазақ тілі, ұлттық өнер, әдебиет және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы викторинаға қатысып, дұрыс жауап бергендер сыйлықтар алады. Сондай-ақ жиналған қауым алдында танымал артистер өнер көрсетеді, мереке жастардың би кешімен аяқталады.

Сонымен қатар, қаланың бірқатар ауданында түрлі іс-шара өтеді:

Елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды