Шымкентте полицейді пышақтап кетті

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте полицейді пышақтап кетті. Оқиға 1 қыркүйек күні таңғы уақытта Қонаев пен Жандосов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ontustik телеарнасының хабарлауынша, патрульдік полиция полкінің инспекторының арқасынан ер адам пышақ тығып алған.

Тәртіп сақшысы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған.

Полиция департаментінің ақпаратынша, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жарақат алған полиция қызметкері жедел жәрдеммен қалалық №1 клиникалық ауруханасына түскен.

Дәрігерлер 35 жастағы патрульдік полиция қызметкерінің жағдайы орташа ауыр деп отыр. 4-5 күнде амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін дейді. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда