Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: telegram/modgovkz
Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қазасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды.

"Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объектив тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", - делінген ресми мәлімдемеде.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.

Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігі басшысына видеоүндеу жасады. 

Ол оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп отыр және мұның оқыс жайт екеніне сенбейді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды