ШҚО тұрғыны жарты млн теңгесінен айырылып қалды

Фото: Zakon.kz
Арзан бағада пәтер алмақ болған ШҚО тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қалалық полиция басқармасына облыс тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, белгілі бір азамат оған қолжетімді бағада пәтер алуға көмектесемін деп сендірген.

"Қызметі" үшін 500 мың теңге сұраған. Ақшаға қол жеткізген соң байланысты түбегейлі үзген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол бұрын бірнеше рет сотталған Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қырағы болуға және күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті