Тоқаев белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады

Сурет: Facebook\Константин Сыроежкин
Бұған дейін белгілі қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев сүйінші жаңалықпен бөліскен болатын. Мән-жайды білу үшін Zakon.kz тілшісі Сыроежкиннің өзіне хабарласты.
"Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Рақымшылық істері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі синолог, саяси ғылымдар докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Оның соттылығы жойылып, құқығы қалпына келтірілді", — деп хабарлады саясаттанушы Чеботарев әлеуметтік желіде.

Редакция сұрақтарын тікелей профессор Константин Сыроежкинге жолдады. Ол қосымша түсініктеме беруден бас тартты, бірақ кешірім жасағанын растады.

"Рас, не айтуға болады. Құдайға шүкір", — деп қысқа қайырды Сыроежкин.

2019 жылдың мамыр айында белгілі саясаттанушы және синолог, профессор Константин Сыроежкиннің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Ал 2019 жылдың қазан айында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін Сыроежкиннің жазасын өтеген соң елден қуылатыны хабарланды.

2024 жылдың сәуірінде қазақстандық саясаттанушы Антон Морозов профессордың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанын айтқан. Ол бес жыл түрмеде отырды.

2006 жылдан бері Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері. Осы жылдар ішінде Қазақ КСР ҒА Ұйғыртану институтында қызмет етті (1986-1992); Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану орталығында (1992-1996). Бірқатар ғылыми және әдеби еңбектердің авторы.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды