Бұл нысан "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне жатады. Нысанды ресми түрде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ашты.
"Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға. Еліміздегі алғашқы тоннель. Бүгін ашылғаннан кейін негізгі көлік ағыны Шақпақ Баба елді-мекенінің айналма жолына бағытталды. Бұл елді-мекеннің ішіндегі жол қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар нысан қыста жүргізушілердің Шақпақ баба асуында қар құрсауында қалып қоймауына мүмкіндік береді", — деп атап өтті вице-министр.
Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей жүйелер қарастырылған:
• Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксофондар;
• Жол жәшіктері;
• Бейнебақылау камералары;
• Өрт дабылдары;
• Люминесцентті шамдар;
• Апаттық шығу;
• Жарық қайтарғыш элементтер;
• Өрт сөндіру жүйесі;
• Өрт сөндіру резервуарлары;
• Нысанды тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер;
• Ақпараттық тақта және т. б.