Алматыда қалалық сенбілікте 130 тонна қоқыс жиналды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Қала күні қарсаңында қоғамдық орындарды тазалау бойынша аудандық акциялар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Қала күні қарсаңында "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында қалада жаппай тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға еріктілер мен қаланың коммуналдық қызметтері қатысып, 103 бірлік техника мен 1400-ден астам адам жұмылдырылды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бүгін әсем қала - Алматы күні қарсаңында белсенді жастар, қаланың жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Қаламыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым", — деді ерікті Дарын Ершатов.


Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады, оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар Жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.


Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі


Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды. Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Қала күні қарсаңындағы дайындыққа үлес қосты.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді