ТЖМ бөлімшесінің басшысы фельдшерді жұмысқа орналастырғаны үшін пара алып, сотталды

Фото: freepik
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен "Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор мәліметінше, бұдан өзге осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратоваға да сот үкімі шықты.

"Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- делінген хабарламада.

Жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды