Алайда, былтырдан бірнеше рет мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялағанымен ешкім бұл іске тәуекел етпеген.
Салдарынан, жыл басынан бері мыңға жуық адамды ит қауып, мысық тырнаған. Тіпті, 70 жастағы егде адам саусағынан айырылды, деп жазады qazaqstan.tv.
"Біздің үйдің жанында 52-ші мектеп бар, сол жерде бір оқушының аяғынан тістеп, қауып алған. Ол итті де суретке түсіріп, басқармаға жібергенмін. Бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ, жүрген жерінде жүр. Сонымен бірге көшеде ит-мысықтардың көлікке қағылып, өліп жататын өте көп." Нұрлан Пайызов — Қоғам белсендісі
Ресми дерек бойынша мегаполисте ит саны 100 мыңға жетеді. Бұл иесі бары ғана. Ал, тіркелмегендері қаншама. Қала әкімдігі иесінен ажырап қалған ит-мысықтарды ұстау үшін биыл 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген.
Бұл ақшаға 18 мыңдай бұралқы ит торға қамалыпты. Оның 2 мыңын зооеріктілер мен жанашырлар өз қарауына алған. Өзгесі мемлекет қаржысының арқасында арнайы панажайда тіршілік кешіп келеді.
"Қазіргі таңда ауланған жануарлардың 1000-ға жуығы питомникте ұсталып отыр ғой. Негізінде біз 3-14 күнге дейін ұстауымыз керек. Өкінішке орай жаңағыдай шаралар өтпеген соң өкінішке орай айлап жылдап ұсталып келе жатқан иттер бар ол жерде." Ерлан Аденов Қалалық — Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы