Түркістан облысының полиция қызметкерлері "Жас сақшылар" сыныбының оқушыларына сабақ өткізді

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, №28 жалпы орта мектебіндегі батыр полицей Ғ.Байтасовтың атына ашылған полиция сыныбында кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Яғни тәртіп сақшылары оқушыларға жол ережесін толыққанды түсіндіру бойынша дәріс ұйымдастырды.

Жастармен кездесуге Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы барып, өмірлік азық болар тәжірибелерімен бөлісіп сұқбаттасты.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Полиция жасөспірімдерге көшелердің кез келген жерінен кесіп өтпей, тек арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін түсіндіріп өтті." Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін ұғындырды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мұндай іс-шаралардың мақсаты-балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу.

Сондықтан полиция ата-аналарға балаларына үнемі жол қозғалысы ережелерін ескертіп, қадағалап отыруға шақырады.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды