СҚО-да төрт күн ішінде мас күйде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды

Фото: pexels
Полицейлер 4 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Мас жүргізуші" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Бұл іс-шараға республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль жұмылдырылды. Полицейлер Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда ауыл арасындағы жол бойында шлемсіз мотоциклшіні тоқтатты.

Құжаттарын тексеру барысында 41 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі болмай шықты. Одан ішімдіктің иісі шыққандықтан ол медициналық куәландыруға жіберіліп, күдік расталды.

Мұндай жағдайда көлік басқару қайғылы аяқталуы мүмкін болғандықтан құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жалпы 4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқаруға жол берілмейтінін еске салады. Қаңтар айынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 21 адам зардап шекті. Солтүстік Қазақстан облысында жол ережесіне қатысты 1166 түрлі бұзушылық анықталды.

Оның ішінде жиі жасалатын қауіпсіздік белдігін қолданбаудың 206 жағдайы, рөлде телефон арқылы сөйлесудің 90 фактісі тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды