Су тасқыны-2024: Бозымбаев зардап шеккен қазақстандықтарға төленген қаражат мөлшерін айтты

Фото: primeminister.kz
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев 2024 жылғы 24 қыркүйектегі Үкімет отырысында ауқымды су тасқынынан келтірілген залал сомасын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол су тасқыны 120 мыңнан астам адамды шығынға ұшыратқанын атап өтті.

"Мемлекет тарапынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді – баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды. 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұдан өзге, 21 880 отбасыға жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрайтын 150 АЕК мөлшерінде келтірілген материалдық залал өтелді. Су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысы ретінде мақұлданған 615 өтініш бойынша 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді", — деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.

Премьер-Министрдің орынбасары шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу жөніндегі ережелердің күші 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылатынын еске салды.

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен мал шығыны үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді", – деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін қарғын судан зардап шеккендерге еліміздегі қалталы кәсіпкерлердің қаншалықты көмек көрсеткені белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек