Су тасқыны салдарын жоюға жалпы қанша қаражат жұмсалды

Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2024 жылғы 24 қыркүйекте Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқынынан келтірілген залал туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бозымбаев қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталмағанын атап өтті. Бірақ алдын ала деректер бойынша су тасқыны салдарын жоюға 300 млрд теңге жұмсалды.

"Жолдардың, су өткізу құрылыстарының құрылысы әлі де жалғасуда. Бірақ бүгінгі таңда шығын 300 млрд теңгені құрады. Нақты санды жыл соңына дейін есептеп, айтуға болады деп ойлаймын", – деп қосты ол.

Ол сондай-ақ сомалар бойынша егжей-тегжейлі есеп берді.

"260 млрд теңге – демеушілік қаражат және 137 млрд теңге – бюджеттен бөлінді. Мектептерге, әлеуметтік нысандарға жыл соңына дейін қаражат бөлу керек. Зиянның нақты мөлшері бір жарым-екі айдан кейін белгілі болады. Жұмыс жүріп жатыр", — деп түйіндеді Бозымбаев.

Бұған дейін Бозымбаев зардап шеккен қазақстандықтарға төленген қаражат мөлшерін айтты. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін