Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып Еркінбек Әмірғалиев тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып Еркінбек Рахымбайұлы Әмірғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркінбек Әмірғалиев 1981 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер, құқықтану магистрі мамандығы бойынша. Ағылшын және француз тілдерін біледі.

Еркінбек Әмірғалиев мемлекеттік органдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесіне ие. Оның еңбек жолы 2004 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының сот отырысы хатшысының м.а. лауазымынан басталды. Кейінгі жылдары Әділет министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотында бірқатар негізгі лауазымдарды атқарды.

Соңғы жылдары Еркінбек Әмірғалиев Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?