Қазақстанда еңбек мигранттарының саны өсті: олар қайда жұмыс істейді

Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейтіні туралы айтты. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

"Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 924 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 428 адам тартылды".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 812 жұмыс беруші бар. Оларда 391,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% — ы.

Шетелдіктер келесі қызмет түрлерінде жұмыс істейді:

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.

Ведомство Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөлетіндігін еске салды. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты