27 қыркүйектегі саудада доллар қымбаттады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 27 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,66 теңгеге көтеріліп, 479,23 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге дейін өсті (+0,15).

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,9-480,7 теңгеге, еуро 533-537 теңгеге, ресей рублі 5,11-5,21 теңгеге сатылуда.

Ал 27 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,27%-ға өсіп, барреліне $71,28 құрады.

NYMEX электрондық саудасында қараша айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,33%-ға қымбаттап, барреліне 67,89 долларды құрады.

27 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 478,54 теңге, еуроны 533,76 теңге, рубльді 5,17 теңге деп бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді