Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындардың 180 миллион теңгесін алдап алған

Фото: Zakon.kz
Шымкентте тұрғындарды алдап, аса ірі көлемде ақша алған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері сотталды.

Ол жер учаскесін жекешелендіріп беремін және мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан пәтер алуға жәрдемдесемін деп азаматтарды сендірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы қызметі үшін олардан 180 миллион теңге алғаны анықталды. Алаяққа алданған жәбірленушілер құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр болған.

Сот шешімімен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері осы әрекеті үшін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады