Қазақстанда жастар үй алуға ақшаны қалай жинай алады

Белгілі бір жасқа келгенде кез келген адам білім алуды, өмірлік жолын таңдауды ойластыра бастайды. Әсіресе, жастарды әке-шешенің қолына қарап отыра бермей, үйлі болу мәселесі толғандырады. Zakon.kz жас қазақстандықтарға ыстық ұядан қалай оңай ұшып шығудың құпияларымен бөліседі.

Әлбетте, алдымен ойға пәтерді жалға алу келеді. Мейлі, бөтен біреудің үйі болса да, адам тезірек бөлек шығуды қалайды. Алайда, тіпті қазіргідей бір бөлмелі пәтерлердің құны шарықтап тұрғанда ақылға салып, шыдай тұрған жөн, оның үстіне мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді сауатты пайдалана білген дұрыс.

Ұлттық қорды тиімді пайдалану

Біз бұған дейін де "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының арқасында 18-ге толмаған әрбір жас отандасымыздың арнайы жинақ шотына ҚР Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отыратыны туралы аз жазған жоқпыз. Олар кәмелеттік жасқа толғанда "қоржынындағы" осы жинақты жоғары білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Қазірге екінші мақсатқа тоқтала кетейік.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту дегеніміз:

Мәселен, биыл еліміздегі балалардың шотына 100 доллардан түскен. Кейбір ата-аналар "арзымайды" деуі мүмкін. Бірақ мемлекет беріп отыратын бонустардың арқасында оны айтарлықтай көбейтуге болады. Мұны жоғарыда аты аталған банктің мамандары да түсіндіре алады.

Берілген қаражаттың берекесі

Өз кезегінде Отбасы банк тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін жүзеге асырып келеді. Оның көмегімен қаражат жинақтай отырып, келешекте жеке пәтер немесе үй сатып алу үшін өте төмен мөлшерлемемен – от 3,5%-дан бастап (ЖТСМ 3,6%-дан бастап 4,4%-ға дейін) жылдық мөлшерлеме 8,5% (ЖТСМ 9%дан 9,6%ға дейін) несие алуға болады. Мұндай жағдайда Ұлттық қордан алынған қаражат жас отандасымыздың жинақ шотына аударылып, кейіннен баспана аларда бастапқы жарна бола алады.

Егер депозитті биыл толтырсаңыз, онда банктің сыйақысынан бөлек, 2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сыйлықақыны да қоса ала аласыз. Ол 200 АЕК-тан аспайтын соманың 20%-ы көлеміне беріледі. 2024 жылы бұл 738 400 теңге.

Егер осы қаражатты жыл бойы өз депозитіңізде жинақтасаңыз немесе бір мезетте өз шотыңызға салсаңыз, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы – 147 680 теңге ала аласыз.

Сондай – ақ "Отбасылық пакет" арқылы қаражатты тиімді жинақтауға болады. Отбасыңыздың бірнеше мүшесіне – анаңыз, әкеңіз, ағаңыз, әжеңіздің атына бірден бірнеше депозит ашу арқылы жыл соңында әрбір салым үшін есептелетін мемлекеттік сыйлықақы мөлшерін еселей аласыз. Кейін барлық ашық депозиттердегі ақшаны біріктіріп, барлық туыстарыңыздың сыйақы сомасын сақтай отырып, тиімді шарттармен заем алуға болады.

Оған қоса Отбасы банкінде балаларға арналған "Арнау" депозиті де бар. Шарттары: несие сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жылдай депозитте жинақтау қажет. Мұрагер 18 жасқа толған соң жиналған сомаға Ұлттық қордан алған ақшаны қосып, жылына небәрі 2%-дық мөлшерлемемен (жылдық ЖТСМ 2%-дан бастап 6%-ға дейін) тұрғын үй заемын ала алады.

Айтқандай, қазірдің өзінде "Ұлттық қор – балаларға" мемлекеттің бағдарламасының алғашқы қарлығаштары Ұлттық қордан алған қаражаттарын игере бастаған.

"Осындай мүмкіндіктің бар екенін әке-шешемнен естіп, депозит ашып, шотыма 100 доллар салдым. Енді ай сайын салып отыруға тырысып жүрмін. Келешекте пәтер сатып алуды армандаймын", – дейді 18 жастағы Жансая ағынан жарылып.

Қазіргі студент Нұрдәурен тілшімізге колледжде оқып жүрген кезде өздеріне Отбасы банктің қызметкерлері келгенін баяндады. Мамандар мемлекеттен түсіп отырған қаражатты білім алуға немесе үй алуға жұмсау қажеттігін түсіндірген. Нұрдәурен алғашқысын таңдағанын, ол соманы өз қаражатына қосып, университеттегі бірінші курстың оқу ақысын төлегісі келетінін айтады. Дегенмен, үйлі болуды да ұмытпай, келешекте тұрғын үй сатып алуға қаражат жинақтағысы келеді.

Ал Әзілханға оқу ақысын төлеудің қажеттігі тумаған – ол грантпен білім алу бақытына ие болыпты. Сондықтан көп ойланбастан Отбасы банктен депозит ашып, ақша жия бастаған.

"Түпкі мақсатым – жақсы тұрғын үй кешенінен пәтер алып, жылжымайтын мүлікке ие болу. 2027 жылға, оқуды бітіруге қарай, менде жеткілікті қаражат жинақталады деп үміттенемін", — дейді ол.

Банк атап өткендей, жігіттер діттеген мақсатына даусыз жете алады. Олардың жетістігінің сыры – клиенттік жинақтау шарттарын сақтауда.

"Қолжетімді несие алу үшін Отбасы банктегі депозитте несие сомасының кем дегенде 50%-ын жинақтау қажет. Және депозиттің мерзімі үш жылдан кем болмауы тиіс. Төмен мөлшерлемемен несие алудың тағы бір маңызды өлшемі – бағалау көрсеткіші (БК). Тұрғын үй несиесін алу үшін оның мәні 16-дан кем болмау керек. Қаржылық тәртіп – депозитте қаражат жинақтау барысында аса маңызды. Дәл осыны бақылап отыру мақсатында әдейі бағалау көрсеткіші енгізілген. Бұл құрал салымшының өзі үшін қандай маңызды болса, қаржы ұйымы үшін де солай. БК мәні жоғары болу үшін, жинақтаудың дәп бастапқы кезеңдерінде жарналарды мерзімінен бұрын салып отыруға тырысу қажет. Осы орайда жарна құятын күнді барынша өткізіп алмауға кеңес береміз", -дейді банк өкілдері.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз.

"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы жайлы толығырақ мына жерден біле аласыздар: https://sp.zakon.kz/2023/otbasy/kids/#kk

Алматы Қазақстан Ұлттық қор – балаларға
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: